01 тамыз 2023 12:25

Қарағанды облысында бір бала уланып қайтыс болды: тағы алтауы реанимацияда

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бір бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бір бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 30 шілдеде екі бала өзін нашар сезінген. Олар құсып, іші өткен. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылған.

Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бір баланы құтқару мүмкін болмаған. Бүгінгі таңда алты бала реанимацияда. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында.

Ауруханаға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келген. Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен және емдеуші дәрігерлермен жедел кеңес өткізді. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді. Ермағанбет Бөлекпаев тергеу нәтижесінде заңның барлық қатаңдығы бойынша жауапты тұлға анықталып, жазаланатынын атап өтті. Мекеме директорының міндетін атқарушы қызметінен шеттетілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети