03 сәуір 2019 09:36

Қарағанды облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты

Фото: Instagram/podslushanosaran

Қарағанды облысы Саран қаласында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Саран қаласында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлер түсірген видеода бір-біріне соқтығысқан екі автокөлік - Volkswagen Multivan микроавтобусы мен "Нива" көрсетілген. 

Реклама
Реклама

Жол апатының видеосын мына жерден қарауға болады. 

"Сарандағы Рабочая көшесімен келе жатқан "Нива" автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі алдын ала мәліметтер бойынша, рөлді басқара алмай, қарсы жолға шығып, Volkswagen Multivan автокөлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ауыр жарақат алған "Нива" жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал Volkswagen Multivan көлігінің 39 жастағы жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram