27 ақпан 2024 15:11

Қарағанды ​​облысында колониядағы жанжалдан кейін сотталушы қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысы Абай ауданына қарасты Қараған ​​ауылындағы қатаң режимдегі колонияда сотталғандар арасында жанжал шығып, сотталушылардың бірі алған жарақатынан қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысы Абай ауданына қарасты Қараған ​​ауылындағы қатаң режимдегі колонияда сотталғандар арасында жанжал шығып, сотталушылардың бірі алған жарақатынан қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Колониядағы төтенше жағдай 24 ақпанда болған. №29 мекеме – қатаң режимдегі түзеу колониясы. Онда ауыр қылмыстар үшін сотталғандар мен қайталап қылмыс жасағандар жазасын өтейді. Сотталғандар арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқаны белгілі болды. Оқиға салдарынан тұтқындардың бірі ауыр дене жарақатын алған. Ол оқиға орнында қаза болды.

Қарағанды ​​және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық іздестіру департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, сотталушының өліміне қатысты тергеу басталған. Оқиға кезінде колония қызметкерлерінің қайда болғанын анықтау үшін колонияға комиссия жіберілген.

"Сотталғандар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті оның қорытындысы бойынша тексеру тағайындады. Оның ішінде қызметкерлердің әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.06   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети