30 қаңтар 2024 10:00

Қарағанды ​​облысындағы жарылыс: зардап шеккен бір адам ауыр жағдайда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram/ablaisultangali Фото: instagram/ablaisultangali

Қарағанды ​​облысында тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды. Ауруханаға жатқызылғандардың бірінің жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысында тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды. Ауруханаға жатқызылғандардың бірінің жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға орнынан облыстағы медициналық мекемелерге бес адам жатқызылған, оның үшеуі бала.

"Екі бала амбулаториялық ем алуға жіберілді, бір бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына қанағаттанарлық жағдайда жеткізілді. Екі ересек пациенттің біреуі өте ауыр жағдайда, денесінің 80 пайызын күйік шалған. Екінші зардап шегуші - қанағаттанарлық жағдайда. Пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі", - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қарағанды ​​облысында тұрғын үйде газ жарылып, екі адам қаза тапты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети