Қарағанды шахтасында зардап шеккен кенші қайтыс болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды шахтасында зардап шеккен кенші қайтыс болды

Қарағандыда "Шахтинская" шахтасында жарақат алған 46 жастағы кенші көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда "Шахтинская" шахтасында жарақат алған 46 жастағы кенші көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы растады. Компания 46 жастағы кеншінің қайтыс болу себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

"Өлім себебі мен сот-медициналық сарапшылардың қорытындысы барлық шаралардан кейін дайын болады. Бұған дейін ол металл бұйымын тиеу кезінде жарақат алғаны айтылды. Оқиғадан кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Оқиға тергеліп жатыр", - деді компания өкілі.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өкілі компания марқұмды жерлеуге байланысты барлық шығынды өз мойнына алып, марқұмның отбасына психологиялық және материалдық қолдау көрсететінін айтты.

Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" кенішінде жұмысшы жараланғаны хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети