23 желтоқсан 2021 17:17

"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде жұмысшы жараланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде жұмысшы жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде жұмысшы жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"22 желтоқсанда "Шахтинская" шахтасында металл бұйымдарды тиеу кезінде 1975 жылы туған кенші жарақат алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді. Өміріне қауіп жоқ. Оқиға тергеліп жатыр", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі өкілдері.

Жарақат алған жұмысшысы профессор Хафиз Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды. Ол бас-ми жарақатын алған.

"Ер адам жедел травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр, тұрақты", - деді Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Айта кетейік, биыл қарашада "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Абай" кенішінде метан шығуы салдарынан алты адам қаза тапқан еді. Кеніште барлығы 64 жұмысшы болған. 56 адам дереу эвакуацияланды. Сондай-ақ, төтенше жағдай салдарынан екі кенші зардап шекті. Кейін қаза тапқан кеншілер отбасына он жылдық еңбекақы төленетіні хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети