04 желтоқсан 2023 09:20

Қарағандыда ауруханадағы науқас қате салынған екпеден қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© depositphotos.com © depositphotos.com

Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігерлер науқастың "ЦЕФ-3 препаратына қатты аллергия бар" деген сөзіне назар аудармай, укол салған. Салдарынан науқас анафилактикалық шок алып көз жұмған. Қайғылы оқиға 8 қарашада болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігерлер науқастың "ЦЕФ-3 препаратына қатты аллергия бар" деген сөзіне назар аудармай, укол салған. Салдарынан науқас анафилактикалық шок алып көз жұмған. Қайғылы оқиға 8 қарашада болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Марқұмның туыстары оқиға қалай болғанын айтты.

"Ағам мемлекеттік қызмет порталы арқылы жоспарлы науқас ретінде түсті. Оған геморройды алып тастау үшін ота жасалуы керек еді. Ол дәрігерлерге Цеф-3 препаратына және новокаинге аллергиясы барын айтты. Дәрігерлер оның білегіне осы препараттарға аллергиясы барын білдіретін көк түсті жапсырмалары бар білезік таққан. Бірақ медбике ағамның палатасына кіріп, Цеф-3 салған. Төрежан қызарып, тұншығып, қайтыс болды", - дейді 40 жастағы марқұм Төрежанның ағасы Арман Мақашев.

Фото: "Патриот"

Төрежан Мақашев қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жұмыс істеген. Енді оның артында үш баласы жетім, әйелі жесір қалды.

"Дәрігерлер немқұрайды қарап, ағамды өлтірді. Геморройды алып тастау операциясына кірісіп те үлгермеген! Науқастың Цеф-3-ке аллергиясы барын біле отырып, қалай укол салуға болады? Дәрігерлер назар аудармаса, білезікті не үшін тағады?" - дейді марқұмның бауыры.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Абзалиевтің айтуынша, тексеріс жүргізілген.

"Анафилактикалық реакция өте ауыр болған. Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды. Қабылдау бөлмесінің дәрігерлері, проктологиялық бөлім меңгерушісінің м.а., медбике аллергиялық анамнезді дұрыс жинамағаны анықталды", - деп түсіндірді Абзалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети