30 қаңтар 2023 08:55

Қарағандыда әйел қамауда отырған күйеуіне телефон кіргізіп бермек болған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қарағандыда қамауда отырған күйеуімен кездесуге келген әйелі телефон жасырып кірмек болған. Әйел адам барлық тексерістен өтіп үлгергеннен кейін ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Telegram-арна мәліметінше, әйел адам телефонды басына таққан әшекейге (ободок-еск.) тығып кірмек болған.

"Ол барлық тексерістен өтіп үлгерген. Оны тексеріп, тыйым салынған зат табылмады. Әйел адам тексеру бөлмесінен шығуға асықты. Ол бөлмеден шыға бергенде бақылаушы әйел адамның басындағы әшекейді көріп, күдіктенді. Қасындағы қызметкерге әйелдің басындағы әшекейді де тексеру керегін ымдап жеткізген", - делінген жазбада.

Әйел адамның әшекейінен Nokia ұялы телефоны шыққан. Изолятор қызметкерлері телефонды тәркілеп, әйел адамға қатысты хаттама толтырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети