1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Қарағандыда балконға ілініп тұрған ер адамды құтқарушылар түсіріп алды

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қарағандыда балконға ілініп тұрған ер адамды құтқарушылар түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар шатырдан арқанмен түсті. Құтқарушыларды көрген ер адам өзі түспекші болған, дегенмен оны ұстап алды.

Ер адам құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне еш кінәсіз екенін айтып, өзіне ресми айып тағуды сұраған. ІІД өкілдері бұған дейін оның пәтер тонаумен айналысқанын хабарлаған болатын.

Полицейлердің айтуынша, ер адам Алматыда іздестірілген. Белгісіз біреулер полицияға хбарласып, оның қай жерде екенін айтады. Тәртіп сақшылары келген кезде ол тығылып қалуға тырысып, шатырға, кейін балконға шығып кеткен.