Қарағандыда болған өрт салдарынан екі әйел мен бала қаза тапты

14 Қараша 2018, 08:11
0
Қарағандыда болған өрт салдарынан екі әйел мен бала қаза тапты - © Турар Казангапов
© Турар Казангапов

Қарағандыда болған өрт салдарынан 6 жастағы бала мен екі әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қарашада сағат 18.00-де Багрицкий көшесі бойындағы тұрғын үй ғимаратында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт бір қабатты екі пәтерлі тұрғын үйде болған. Ол 70 шаршы метр алаңды шарпып, кейін 10 шаршы метр төбенің ішінара үгітілуіне себеп болған.

"Өрт болған жерден денесі жартылай күйген 1962 және 1990 жылғы әйелдер мен 2012 жылы туған баланың мәйіті табылды. Көрші пәтерден екі адам сыртқа шығарылды, оның бірі бала болды. Өрт 20.35-те оқшауланып, 20.49-да ауыздықталды. Оған төрт арнайы техника мен 24 өртсөндіруші жұмылды", - делінген хабарламада.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай