13 мамыр 2017 14:46

Қарағандыда бір апта ішінде кәмелетке толмаған үш қыз жоғалып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда бір апта ішінде кәмелетке толмаған үш қыз жоғалып кеткен. Қыздардың жоғалып кеткені жайлы полицияға туыстары айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда бір апта ішінде кәмелетке толмаған үш қыз жоғалып кеткен. Қыздардың жоғалып кеткені жайлы полицияға туыстары айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апалы-сіңлілі екеуі 8 мамырда танысының туған күніне кетеміз деген. Ал үшінші мектеп оқушысы 11 мамырда жоғалып кеткен.

Апалы-сіңлілі Елдана Исламшейх пен Ботагөз Қайырбаева - cтудент қыздар. Жастары 15-те және 17-де. 8 мамырда қыздар танысының туған күніне кеткен, одан кейін қыздарды ешкім көрмеген. Бізге қыздардың туыстары келіп өтініш жазды. Осымен екінші күн іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Телефондары сөндірулі, әлеуметтік желілерде отырған жоқ", - деді Сортировка аудандық полиция бөліміндегілер.

13 жастағы Диана Нұрманбаева 11 мамырда жоғалып кетті. 7-сынып оқушысы анасынан достарымен кездесемін деп сұранып кеткен. Алайда қыздың достарының біреуі де оның сол күні көрмеген. Қыз ВКонтакте желісіне соңғы рет жоғалып кеткен күні сағат 21.30-да кірген. Анасы қызынң үйіне түнеуге келеді деп соңына дейін сенген. Қыздың ұялы телефоны мен ақшасы болмаған. "Мен оны 11 мамырда күттім, келетін шығар деп ойладым. Достарым болған соң, жасөспірім ғой. Бірақ сол күйі үйге келмеді. Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Ол осыған дейін былай істеген емес. Полицияғға хабарладым. Маған Орталық полиция бөліміндегілер де хабарласты. Оны іздестіріп жатыр, бірақ нәтиже жоқ! Кімде-кім қызымды көрген болса, көмектесулеріңізді сұраймын. Мен барлығын түсінемін. Біз оны жақсы көреміз және күтіп отырмыз!", - деді мектеп оқушысының анасы Алтынай Нұрманбаева.

 

Анасының айтуынша, қызы жоғалып кететіндей ешқандай ұрыс та, себеп те болған жоқ. Қыз әдеттегідей үйден шығып кеткен. Қандай да бір мәлімет білетіндерден анасының мына нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8777 048 04 09.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети