11 сәуір 2019 09:13

Қарағандыда жолаушыға таласа жарысқан үш автобус соқтығысты

Видеодан алынған кадр. © КТК

Қарағандыда жолаушыға таласа жарысқан үш автобус бір-біріне соқтығыстып, салдарынан 11 жолаушы түрлі жарақат алды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жолаушыға таласа жарысқан үш автобус бір-біріне соқтығыстып, салдарынан 11 жолаушы түрлі жарақат алды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, ықшамаудандар арасындағы жолда екі автобус қатарласа жүйткіген. Жоғары жылдамдықпен келе жатқанда оң жолақтағы қоғамдық көлік сол қапталындағы автобустың алдын ораған. Ал екінші тежегішін басқанша оның алдыңғы есік тұсын іліп кетіп, тұмсығын жұлып алған.

Реклама
Реклама

Осы арада оларды артта келе жатқан үшінші автобус соққан. Соққыдан кейін автобустар қарсы бағытқа шығып барып бір-ақ тоқтаған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram