Қарағандыда орталық әмбебап дүкені қоршауға алынды: 400 адам эвакуацияланды

13 Қаңтар 2017, 12:16
0
Қарағандыда орталық әмбебап дүкені қоршауға алынды: 400 адам эвакуацияланды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қарағандының 25 жастағы тұрғыны Орталық әмбебап дүкенінде жарылғыш зат бар екенін хабарлаған. Полицейлер ер адамды ізін суытпай ұстаған. Тәртіп сақшылары ер адамның мұндай әрекетке неліктен барғанын анықтап жатыр. Қазіргі уақытта орталық әмбебап дүкенінен шамамен 400 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Қаладағы жедел қызмет оқиға орнына бірден барғанын айтады. Ғимарат қоршауға алынып, дүкеннен шамамен 400 адам эвакуациялаған.

"Хабарлама келіп түскен соң Михайловск бөлімінің қызметкерлері күдіктінің мекенжайын анықтады. Ол Қарағандының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам дереу ұсталды. Қазіргі уақытта полицейлер осы істің мән-жайын анықтап жатыр", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.


© Tengrinews.kz

Қазіргі уақытта әскери қызметкерлер ғимаратты тексеріп жатыр. Орталық әмбебап дүкенінің маңындағы аялдама уақытша жұмысын тоқтатты. Жол бойында полицейлер тұр. Олар қоршауға алынған ғимаратқа ешкімді кіргізбей жатыр. Сондай-ақ, полицейлер терроризм актісі жайлы жалған хабарлама таратқан адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Орталық әмбебап дүкенінде жарылғыш зат бар екені жайлы бірнеше рет жалған мәлімет таралған болатын. Дүкен соңғы рет 10 қазанда қоршауға алынған еді. Сол кезде оқиға орнына келген полицейлер жарылғыш зат таппай, 500 адамды эвакуациялаған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай