19 сәуір 2016 | 12:28

Қарағандыда пәтерге ұрлыққа түскен ер адам бір сағаттан бері балконда ілініп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қарағандыдағы көп қабатты үйлердің бірінде ер адам бір сағаттан артық уақыт бойы балконға ілініп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Ол секіріп кететінін айтып, қорқытып отыр.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыдағы көп қабатты үйлердің бірінде ер адам бір сағаттан артық уақыт бойы балконға ілініп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Ол секіріп кететінін айтып, қорқытып отыр.

Тұрғындар мен полицейлер одан жерге түсуін сұрағанымен, ер адам еш әрекетке барар емес. Оқиға орнына полиция, өрт сөндіру қызметі мен жедел жірдем қызметкерлері келді. ІІД мәліметінше, ер адам пәтерге ұрлыққа түскен. Полиция оны ұстауға тырысқанымен, ер адам қарсылық танытып, балконда ілініп тұр.

Өзін Дамир деп таныстырған ол су мен темекі беруді сұрады. Жергілікті тұрғындар оның бұл өтінішін орындады.

Қазір ер адаммен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети