06 қаңтар 2016 15:15

Қарағандыда пойыз басып кеткен 4 жасар қыз қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда пойыз басып кеткен 4 жасар қыз қаладағы №1 ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда пойыз басып кеткен 4 жасар қыз қаладағы №1 ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, баланы аман алып қалу үшін олар бар мүмкіндікті пайдаланған. Дегенмен оның жарақаты бала ағзасы үшін тым ауыр болыпты.

"2016 жылдың 2 қаңтарында сағат 14.12-де Жаңа Қарағанды станциясында №2003 жүк пойызының 54 вагоннан тұратын 520 электровозының астына белгісіз екі адам түскен", - деді Қарағанды көлік прокурорының орынбасары Ерсін Талкенов. Кәмелет жасына толмаған олар жолды қысқарту үшін, тұрған вагондардың астынан өтпекші болады. Осы кезде вагондар орнынан қозғалып кеткен.

17 жастағы қыз сол жерден жан тапсырды. Ал кішкентай қыз ауыр жарақат алады. Қаза тапқан жасөспірімнің колледж студенті екені, оның сіңілісімен бірге циркке бара жатқаны белгілі болды. Олар теміржол бойымен Курьяновкадан Майқұдық бағытына қарай бет алған.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай реестрінде "Теміржол транспорты қозғалысының қауіпсіздік ережесін бұзу" бабы бойынша тіркеуге алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети