Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қарағандыда су тоғанынан адамның басы табылды

29 Мамыр 2014, 12:53
0
Фото nv.kz сайтынан алынды
Фото nv.kz сайтынан алынды

Орталық саябаққа демалуға келушілер су тоғанында жүзіп жүрген адамның кесілген басын тауып алды, деп хабарлайды "Новый вестник". Олар дереу полиция шақырған, құқық қорғаушылар енді ол бас кімге тиесілі екендігін анықтау үстінде. Оқиға орнына келген сүңгуіршілер су қоймасынан дененің басқа бөліктерін іздегенімен, ештеме таба алған жоқ.

"Кеше біздің қызметкерлер дененің басқа бөліктерін табу үшін суға сүңгіді. Алайда ештеме таба алған жоқ", - дейді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Қуаныш Мұталапов. Облыстық ІІД өкілі Жанат Сембековтың айтуынша, су тоғанынан табылған кесілген бастың себеп-салдары анықталуда.  

Бұл қылмысты жасыру үшін жасалынған амал болуы мүмкін. Қылмыскер денені бөлшектеп, басын Орталық саябаққа лақтырып жіберген секілді. Қылмыскерді қазір полиция іздестіруде. Айта кетейік, 2013 жылы кесілген адамның басы Павлодар облысында көпірдің астынан да табылған болатын. Ол 37 жастағы қала тұрғынына тиесілі болған. Ал Алматы полициясы 2013 жылы кесілген аяқ тауып алған. Ол Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры алдындағы қоқыс контейнерінен табылған. Тап осы кезде Қызылжарда да мектептің алдындағы қоқыстан адамның табаны табылған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай