10 қараша 2016 18:03

Қарағандыда үш шахтер қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© komi-news.ru © komi-news.ru

Қарағандыда Саран шахтасында үш адам қаза тауып, бес адам зардап шекті. Алдын ала мәліметтер бойынша, шахтада адамдарды тасуға арналған аспалы жолдың үзіліп кетуіне байланысты болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда Саран шахтасында үш адам қаза тауып, бес адам зардап шекті. Алдын ала мәліметтер бойынша, шахтада адамдарды тасуға арналған аспалы жолдың үзіліп кетуіне байланысты болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға б.гін сағат 14.25-те болған. Соның салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам ауыр жарақат алған, тағы үш адам орта деңгейдегі жарақаттар алған. Біздің адамдар хабарламаны ала сала сол жаққа қарай аттанды. 14.45-те. Екі жедел әрекет ету бөлімі мен екі жансақтау-есеңгіреуге қарсы топтар барған. Қазіргі уақытта эвакуциялау шаралры жүргізіліп жатыр", - деді Әскери апатты-құтқару қызметінің "Көмір"  қарағандылық филиалының басшысы Берік Тәтіпанов.

Сонымен қатар, ол зардап шеккендердің қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты. "АрселорМиталл Теміртау" баспасөз қызметі болған жағдайға байланысты мәлімдеме жасаған жоқ. 

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Айжан Исаның айтуынша, барлық зардап шеккендер Мақажанов атындағы клиникасында жатыр. Олардың жағдайы тұрақты, жансақтау бөліміне ешкім ауыстырмаған. Біреуінің басы жараланған, ал тағы біреуінің жамбасы сынған. Басқа да зардап шеккендердің анықталып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети