1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Қарағандылық қызға ​​екі түрлі вакцина салынған: дәрігерлер түсінік берді 01 қазан 2021, 17:49

Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасы қателесіп басқа вакцинаның екінші дозасы салынған 19 жастағы қазақстандық қыздың жағдайы қанағаттанарлық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасы қателесіп басқа вакцинаның екінші дозасы салынған 19 жастағы қазақстандық қыздың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде журналистер екі түрлі вакцина салынған қарағандылық қыздың жағдайы туралы сұрады.

"Өкінішке қарай, мұндай факт болды. Бұл жалғыз жағдай, мұндай деректер Қарағанды ​​облысында қайталанған жоқ. Біз оның жағдайын бақылап отырмыз. Тұрғында вакцинациядан кейінгі кезеңде ешқандай ауытқу болған жоқ. Екінші компонентті салдырған кезде қызда ешқандай жанама әсер байқалмағаны айтылды. Бүгінде оның жағдайы қанағаттанарлық", - деді Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Ekaraganda.kz порталы 2021 жылдың маусымында жариялаған ақпаратқа сүйенсек, 19 жастағы қыз Hayat-Vax вакцинасының бірінші компонентін алған. Екінші дозасын алуға келгенде оған "Спутник-V" вакцинасы салынған. Сол кезде Денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram