09 желтоқсан 2017 12:44

"Қараңғы бөлмеге қамап, қолымды байлап зорлады" - 25 жастағы әйел сексуалдық құлдықта болғанын айтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұршат Арысбекова. КТК арнасының видеосынан алынған кадр Нұршат Арысбекова. КТК арнасының видеосынан алынған кадр

Ақтөбе облысында сексуалдық құлдық бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. 25 жастағы Нұршат Арысбекованы ұрлап, шалғайдағы шабандар қосынына алып кеткен. Туысқандары әйелді ес-түссіз жартылай жалаңаш күйде жатқан жерінен тауып алған, ал оның айналасында белгісіз ер адмдар жүрген екен, - деп хабарлайды КТК.


Ақтөбе облысында сексуалдық құлдық бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. 25 жастағы Нұршат Арысбекованы ұрлап, шалғайдағы шабандар қосынына алып кеткен. Туысқандары әйелді ес-түссіз жартылай жалаңаш күйде жатқан жерінен тауып алған, ал оның айналасында белгісіз ер адмдар жүрген екен, - деп хабарлайды КТК.

Нұршат Арысбекова қараша соңында жоғалып кеткне. Әйелдің туысқандары таныстары арқылы оның Темір аудаынндағы шабан қосындарының бірінде екенін анықтаған. Қазір олар екінші күн бойы аудан орталығындағы полиция бөлімшесінде куәлік беріп отыр. 

"Айтсаң өлтірем мен сені деді. Олар көп болды. Алдымен Айсұлтан тиісе бастады, одан кейін білмеймін. Қараңғы бөлмеге жауып тастады, қолымды байлап, зорлады. Өтінем басқа ештеңе сұрамыздаршы!", - дейді Нұршат Арысбекова. 

Шабандар қосынынан Нұршатты әпкелері мен ағасы алып кеткен. Олар әйелдің есін жиғызып, бірден полицияға барған. Туысқандарының жүйкесі сыр беріп: "Бәрін өз көзімізбен көрдік. Ол ес-түссіз жатты, айналасында сақалы өсіп кеткен еркектер. Нұршатты алып кеткенде оның орнына өзге екі әйелді алып келіңдер дейді. Ол жерде құлдықта жүрген адамдар көп!", - дейді олар. 

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі кезде күдікті ретінде бір трактор жүргізушісі ұсталды. Өзге күдіктілер анықталып жатыр. Нұршаттың сөзінше, ер адам оны арақ іштіріп, бірнеше рет зорлаған. 

Қазіргі кезде Нұршаттың туыстары Ақтөбе облысы ІІД-нің ішкі қауіпсіздік бөліміне арызданып отыр. Олар ауыл тергеушілерінің сылбырлығына шағымдануда. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети