12 ақпан 2024 09:20

Қарлы боранда жоғалып кеткен бала табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ІІМ Фото: ІІМ

Абай облысында қарлы боранда жоғалып кеткен 8 жасар Иманғали Мерей Нұржанұлы аман-есен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Абай облысында қарлы боранда жоғалып кеткен 8 жасар Иманғали Мерей Нұржанұлы аман-есен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бала Аягөз аумағынан табылды. Ол қазір туыстарының жанында.

"Бала қарлы боран салдарынан бағытын анықтай алмай қалған. Боран басылғаннан кейін ол іздестіру тобының шамдарын көріп, сол бағытта жүрген", - деп хабарлады ҚР ІІМ.

Ведомствода баланы іздеу жұмыстары полиция мен құтқару қызметінің арнайы көліктері арқылы жүргізілгенін, әсіресе жүру қиын жерлерде адамдар қарда жүретін көліктер және аттармен жүргенін түсіндірді.

Еске салайық, 2015 жылы туған Иманғали жексенбіде таңғы сағат 10-да мал іздеуге далаға кеткен. Кешке қарай бала қайтып оралмағандықтан, ата-анасы полицияға хабарласқан. Баланы іздеуге полиция бөлімі жіберілді. Баланы іздеуге әскерилер, еріктілер және жергілікті тұрғындар көмектескен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети