16 мамыр 2022 21:36

Каспий теңізінде үш адам суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий теңізінің жағалауында бір адам құтқарылып, үш адам суға батып қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Каспий теңізінің жағалауында бір адам құтқарылып, үш адам суға батып қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, 2022 жылғы 16 мамыр сағат 18.32-де Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында суға шомылу кезінде 4 адам суға батып кеткен.

"Олардың біреуін оқиға куәгері құтқарып, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы ауруханаға жеткізді. Ал қалған үшеуі суға батып кетті. Құтқарылған адам 1996 жылы туған, Бейнеу аулының тұрғыны. Жағдайы қанағаттанарлық. Суға батып кеткендердің бірі 1999 жылы туған, Ақтау қаласының тұрғыны. Қалған екеуі Қарағанды қаласының тұрғындары. Сағат 19.58-де Қарағанды қаласының тұрғындарының бірінің жансыз денесі судан шығарылды", - делінген хабарламада.

ТЖ орнында Маңғыстау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 10 құтқарушысы және 2 бірлік техникасы, ТЖД 11 қызметкері, Апаттар медицинасы орталығының 3 дәрігері және 1 бірлік техникасы жұмыс жүргізгені атап өтілді.

"Маңғыстау облысы ТЖД азаматтарға судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді", - деді ведомство өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети