13 наурыз 2022 09:10

Каспийге экскаватор құлаған сәт видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

lada.kz сайтынан алынған сурет lada.kz сайтынан алынған сурет

Баутино сауда теңіз порты аумағында жұмыс істеген "Амфибия" экскаваторы Каспийге құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 


Баутино сауда теңіз порты аумағында жұмыс істеген "Амфибия" экскаваторы Каспийге құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Видеоны түсірген куәгердің айтуынша, Semarсо ЖШС-ның экскаваторы жұмыс кезінде қисайған. Кадрлардан бұл жұмыс қолайсыз ауа райында жүргізілгені көрінеді.

Порт диспетчерлері оқиға 12 наурызда түстен кейін болғанын растады. Олар экскаваторды көтеру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Облыстық ТЖД дауыл туралы ескерту жасаған. Маңғыстау облысында 12 наурызда солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін, ал күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метрге жеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети