28 тамыз 2014 23:56

Қайрат Нұртастың анасы жол-көлік оқиғасына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлзира Айдарбекованың көлігі. ©КТК Гүлзира Айдарбекованың көлігі. ©КТК

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Алматыда жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Алматыда жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Айдарбекова ақ Lexus-імен реттелмейтін көше қиылысына шығып кетіп, бір жеңіл автокөлікті соқты. Оның шыға келетінін ойламаған тағы бір көліктің жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, әйелдің өзінің машинасын қапталдан түйді.

Көліктердің жылдамдығы қатты болмағандықтан, абырой болып, ешкім зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасы кезінде көше қиылысындағы бағдаршам жұмыс істемеген.

Телеарнаның хабарлауынша, енді Гүлзира Айдарбекова өз көлігін жөндеп қана қоймай, өзгелердің зақымданған темір тұлпарлары үшін де өтемақы төлеуі мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети