21 желтоқсан 2017 14:00

"Қазақмыс" жұмысшысының вагондар арасына қысылып қалған видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Жезқазғандағы "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС байыту фабрикасында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жезқазғандағы "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС байыту фабрикасында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі shock.krg паблигінде жарияланды. Онда арнайы киім киген ер адамның жүк толы екі вагонның арасында қысылып қалғаны көрінеді.

Нәтижесінде ер адам вагондардың арасында қысылып қалып, құлап кетеді. 

Төтенше жағдай Жезқазғанда байыту фабрикасының аумағында болғаны белгілі болды. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметіндегілер осы жағдайға қатысты түсінік берді.

"Биыл 19 желтоқсанда Жезқазғандағы  "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС байыту фабрикасы аумағында қайғылы жағдай болды. Қаза болған жұмысшы "Tranco Zhezkazgan" ЖШС мердігерлік ұйымында қызмет етті. Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, ведомстводағылар осы оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссияның құрылғанын айтты.

"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС басшылығы мен ұжымы қаза болған ер адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - деді компаниядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети