31 шілде 2018 09:26

Қазақстан-Түрікменстан шекара бекетінде қарағандылық сарбаз қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 шілдеде "Үстірт" шекара бекетінде қарағандылық 21 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Бақытбек Мырзамбеков жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Сарбаздың туыстарына Бақытбектің жүрегінің ишемиялық ауруынан көз жұмғанын хабарлаған. Алайда жігіттің туыстары оған сенбей отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


15 шілдеде "Үстірт" шекара бекетінде қарағандылық 21 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Бақытбек Мырзамбеков жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Сарбаздың туыстарына Бақытбектің жүрегінің ишемиялық ауруынан көз жұмғанын хабарлаған. Алайда жігіттің туыстары оған сенбей отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бақытбек Мырзамбеков Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Едрей ауылында туып өскен. Отбасының кенжесі екен. Әскерге өз еркімен барған. Содан биыл 15 сәуірде Бақытбек басқа да сарбаздармен бірге Отанын қорғауға аттанған. Бірақ үш айдан соң оның өлімі жайлы хабарланып отыр.

"Ол 30 маусымға дейін Алматы облысы Ұйғыр ауданында бастапқы әскери дайындықтан өтті. Кейін олардың Ақтауға жіберді. Фельдшердің жазбаларына қарағанда, 9 шілдеде бауыым Бақытбек уланып қалған. Онда көбі тамақтан уланып қалып жатады екен. Себебі ол аумақта су тапшылығы байқалады. Ал 11 шілдеде, фельдшердің айтуынша және басқа да сарбаздардың айтуынша, Бақытбек таңғы уақытта есінен танып қалған. Содан бауырым ол жақта сол күйі 15 шілдеге дейін - 4 күн жатқан, оған ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген. Ал 15 шілдеде оның қайтыс болғаны жайлы хабарланды", - дейді сарбаздың туған бауыры Арман Мырзамбеков.

Бауырының айтуынша, Бақытбектің өлімінің қорытындысында жүректің ишемиялық ауруы себеп болғаны жазылған. Алайда Арман мен қайтыс болған жігіттің туыстары оған сенбей отыр. Бауырының айтуынша, Бақытбек ешқашан да денсаулығына шағымданбаған. Туыстарының айтуынша, сол кезде Бақытбекті білікті мамандар қарағанда ол аман қалар еді.

Сондай-ақ, туыстары сарбаздың денесінен ісіктерді көрген. Оларға онда әлімжеттік көрсетіліп, нәтижесінде оны біреулер ұрып-соққан деген күдік келіп отыр.

"Бақытбек әскерге кетіп бара жатқанда сап-сау жігіт болды. Мұндай ауруы болса, ол қалай медициналық комиссиядан өтті? Оның ауруын неге Алматы облысындағы оқу орталығындағылар байқамаған? Ол спортпен айналысатын. Оның денесін алып кеткен кезде денесінің көгергенін байқадық. Біздің бауырымыздың өліміне бөлім мен бекет басшылығының немқұрайлығы себеп болды. Олар Бақытбекті госпитальге жатқызу мәселесін шешуі керек болатын", - дейді Арман Мырзамбеков.

Туыстарының айтуынша, Бақытбек Мырзамбековты әскери қызметкерлердің соққы көріп көз жұмған немесе ішек инфекциясынан қайтыс болды.

Туыстарының айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети