Қазақстанда демалыс күндері 15 адам суға батып кеткен

22 Шілде, 15:50
0
Қазақстанда демалыс күндері 15 адам суға батып кеткен - © publika.md
© publika.md

Ауа райының күрт ысып кетуіне байланысты судағы қайғылы оқиғалар саны артқан. Өткен демалыс күндері еліміздің су айдындарында 15 адам қаза тапты, оның ішінде екеуі бала, - деп хабарлайды Елорда Инфо Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

"12 адам суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылған, 2-еуі балық аулау кезінде (киімде, жеке құтқару құралдарынсыз болған), тағы біреуі гидроциклде сырғанау кезінде қаза тапты", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Тек осы демалыс күндері ТЖД бөлімшелері қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында 452 топ құрған. Олар 563 рейд жүргізіп, 18 711 жаднама таратқан.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай