Қазақстанда демалыс күндері 20 адам суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда демалыс күндері 20 адам суға батып кетті Фото: mgorod.kz/Медет Медресов

Қазақстанда демалыс күндері екі күн қатарынан (7 және 8 шілде күндері) қауіпсіздік ережісін сақтамай, рұқсат етілмеген жерде шомылған 20 адам суға батып кетті, оның ішінде балалар да бар. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда демалыс күндері екі күн қатарынан (7 және 8 шілде күндері) қауіпсіздік ережісін сақтамай, рұқсат етілмеген жерде шомылған 20 адам суға батып кетті, оның ішінде балалар да бар. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

Өлім жағдайы Шығыс Қазақстан (5 адам), Қызылорда (үш адам), Қарағанды (үш адам), Солтүстік Қазақстан (екі адам), Алматы (бір адам), Қостанай (бір адам), Ақмола (екі адам) Батыс Қазақстан (бір адам) өңірлері, Астана (бір адам) және Алматы (бір адам) тіркелді.

Ведомство өкілі көп жағдайда тұрғындардың құтқарушылардың сөзіне құлақ аспайтындығын атап өтті. Сенбі күніндегі жағдай секілді, құтқарушылар тұрғындарды қауіпті аймақта жүзуге болмайтындығын ескертсе де, Қостанайда суға батып бара жатқан әйелдерді құтқарған ер адам отбасының көз алдында мерт болды

Жексенбі күні Жайық өзенінде Коминтерн ауылында жабайы жағажайында тағы бір оқыс оқиға болды, деп хабарлайды "Мой город". Куәгерлердің айтуынша, қыз шомылу кезінде суға батып кеткен. Оның денесі өзеннен табылды. 

Қазақстанда 50 мыңнан астам су қоймасы бар. Кез келген сұрақтар бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарласыңыз. Су қауіпсіздігі ережелерін ТЖК сайтынан табуға болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети