08 шілде 2018 12:50

Қостанайда суға батып бара жатқан әйелдерді құтқарған ер адам отбасының көз алдында мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sevastopolnews.info © sevastopolnews.info

Қостанайда ер адам суға батып бара жатқан әйелдерді құтқарамын деп отбасының көз алдында мерт болды, деп хабарлады alau.kz.


Қостанайда ер адам суға батып бара жатқан әйелдерді құтқарамын деп отбасының көз алдында мерт болды, деп хабарлады alau.kz.

Порталдың хабарлауынша, оқиға 7 шілдеде Гагарин плотинасында болған. Куәгерлердің айтуынша, үш әйел селфи жасамақшы болғанда оларға құтқарушылар келіп, қауіпті екенін ескерткен. Құтқарушылар кеткен соң әйелдер шомыла бастаған.

"Олар шомыламыз деп бата бастады. Сол жерде бір отбасы демалып жатқан. Ер адам әйелдерді құтқармақшы болды. Әйелдер қорыққаннан оның үстіне шығып, батыра берді. Оның күші қалмады. Бірақ ол әйелдерді жағаға итеріп, өзі шыға алмай қалды. Ер адам әйелі мен баласының көзінше қайтыс болды", - деді куәгерлер.

Куәгерлердің айтуынша, әйелдерге ескерту жасаған құтқарушылар оқиға болған жерге келіп, қауіпті екенін айтып, шомылуға тыйым салынған жерден кетуді өтінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети