15 желтоқсан 2022 15:03

Қазақстанда электр қуатының тапшылығы туындады: аймақтарда шектеу енгізілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанның энергетикалық жүйесінің Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарында электр энергиясын тұтынуға шектеулер енгізілді, апаттық режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KEGOC баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның энергетикалық жүйесінің Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарында электр энергиясын тұтынуға шектеулер енгізілді, апаттық режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KEGOC баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желтоқсанда Қазақстанның бірыңғай электрэнергетикалық жүйесінде (БЭЖ) энергия тұтынудың айтарлықтай өсуі байқалғаны хабарланды. Мәселен, 7 желтоқсанда қазақстандық энергожүйенің бүкіл тарихында тұтынудың тарихи максимумы - 16 459 МВт тіркелген, бұл ретте елдің электрстанцияларының жиынтық генерациясы тек 15 203 МВт болған. Тапшылық ресейлік электржүйесінен жоспардан тыс ағындары есебінен жабылды.

"Электрэнергиясы мен қуатқа деген қажеттілікті жабу үшін генерацияның жүйелі жетіспеушілігі электрстанцияларында жиі апаттық және жоспарланбаған жөндеулерден туындайды. Елеулі теңгерімсіздіктер жағдайында жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергиясын тұтынуына шектеу енгізе отырып, қазақстандық энергожүйенің Солтүстік, Оңтүстік, сондай-ақ Батыс аймағы бойынша "апаттық" режимін жариялауға мәжбүр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети