16 қаңтар 2024 10:11

Қазақстанда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Деректі ҚМА аумақтық департаменті тергеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.


Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Деректі ҚМА аумақтық департаменті тергеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы наурызда Д.И. Дәулетов, А.Т. Жанасаевтың жетекшілігімен құрамында К.А. Құдасов, О. Б. Жайлаубай және басқа да тұлғалар бар қылмыстық топ "Аuto Seller" ЖШС деген атпен автокөлік құралдарын жоғары бағада сатып алып, төмен бағада сатумен айналысатын қызметті бүркемелеп, қаржы пирамидасын құрған.

"Аuto Seller" ЖШС басшылары автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) екі-үш ай ішінде тең бөліктермен төлей отырып, нотариалды куәландырылмаған сатып алу-сату шарттарын жасасып, олардың автокөліктерін 20 пайызға қымбат сатып алуды ұсынған.

Осыдан кейін бұл автомобильдер көлікті сатуды жүзеге асыратын жаңа тұлғаларға ақшалай қаражатты одан әрі төлеу мақсатында үшінші тұлғаларға төмендетілген бағамен сатылды", - делінген хабарламада.

Сатып алу-сату шарттарына сәйкес залал сомасы 404 миллион теңге болған.

"Сот Д.И. Дәулетовты 9 жылға, А.Т. Жанасаевты 8 жылға, К.А. Құдасовты 7 жылға және О.Б. Жайлаубайды 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети