Қазақстанның үш қаласында 500-ден аса есірткі орамы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның үш қаласында 500-ден аса есірткі орамы табылды © polisia.kz

БҚО Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының аумағында байланыссыз жасыру әдісімен марихуана және гашиш есірткі құралдарын сатумен айналысқан интернет-дүкенге тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында жоғарыда аталған интернет-дүкеннің операторы және курьері болған Орал қаласының екі тұрғыны ұсталды. Атырау, Орал және Ақсай қалаларында олар бұрын жасырып кеткен 500-ден астам есірткі орамы тәркіленген.

Олардың 300-ден астамы Атырауда Жайық өзенінің жағасындағы қоғамдық орындардан табылды. Қазіргі уақытта есірткі дүкенін ұйымдастырушыны анықтау және оны бұғаттау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігі интернет-дүкендердің 19 ұйымдастырушысын, 105 оператор мен 297 есірткі жасырушыны ұстады. Есірткі құралдарының таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3500 интернет-ресурс анықталып, бұғатталды", – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +25
Ақтау +25
Ақтөбе +26
Атырау +26
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +23
П
Павлодар +18
Петропавл +22
С
Семей +24
Т
Талдықорған +25
Тараз +27
Түркістан +18
О
Орал +21
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер