31 наурыз 2018 09:04

"Қазавтожол" мекемесінің БҚО бойынша экс-басшысы тергеу изоляторында өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасының кадры КТК телеарнасының кадры

Астанада тергеу изоляторында "Қазавтожолдың" экс-басшысы асылып қалды, деп хабарлады КТК.


Астанада тергеу изоляторында "Қазавтожолдың" экс-басшысы асылып қалды, деп хабарлады КТК.

Телеарнаның хабарлауынша, Астанада тергеу изоляторында дарға асылып қалған Әділ Нығметовтың қазасының себебі анықталып жатыр. "Қазавтожол" мекемесінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы директоры ірі көлемде пара берді деп 3 жылға сотталған болатын.

"Нығметов Астанадағы тергеу изоляторында асылып қалған. Суицидке баруының себебі әлі белгісіз. Естеріңізге салсақ, "Қазавтожолдың" басшылары мен аймақ филиалдары басшыларынан құралған 20 өкілі бар топ ірі көлемде пара беру дерегімен ұсталған еді. Солардың арасында Әділ Нығметов те бар. Олар бюджет қаржысын игерудегі құйтырқылықтарын жабу үшін Есеп комитетінің екі қызметкеріне 16 миллион теңге пара бермекші болған. Ақырында Нығметов үш жылға қамалды", - деп хабарлады тілші.

Алайда, өзінің кінәсіздігін дәлелдемек болған ол апелляциялық шағым түсіргенімен, үкім өзгеріссіз қалған. Сөйтіп, ол тергеу изоляторына жабылып, соңғы кассациялық сотты күтіп жатқан болатын.

"Өз-өзіне қол жұмсау фактісін растаймыз. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сотталған тергеу изоляторында шаруашылық жұмыстарын атқарып жүрген. Өлім алдындағы хатты қалдырған жоқ", - деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің маманы Ағылай Тұрланова.

Дереккөз: КТК.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети