27 қыркүйек 2017 20:59

"Келіншекті ұрған шымкенттік полицей". ІІД оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Шымкент қалалық полициясының өкілдері полиция қызметкерінің келіншекті ұрғаны түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.


Шымкент қалалық полициясының өкілдері полиция қызметкерінің келіншекті ұрғаны түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Желіде қыздар мен полицейлердің жанжалы түсірілген видео пайда болды. Қолданушылар полиция қызметкерлерінің бірі қолмен қыздың ішіне соққы жасады деп отыр. Енді зардап шеккен қыздың жағдайын мамандар бағалайды.  

Шымкенттің жергілікті полиция қызметінің өкілдері видеоның "кейіпкері" болған қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатқанын хабарлады. 

"Қазіргі таңда қақтығысқа қатысқандардың барлығынан және куәгерлерден видео алынып жатыр. Сонымен қатар, жетондардағы, кафеде орналасқан бақылау камерасындағы видеолар анықтап зерттеледі. Шымкенттік Жергілікті полиция қызметі өз қызметкерінің әрекетін ақтамайды. Қызметкерлерге қатысты әрекеттерінің заңдылығын анықтау үшін қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Нәтижесін хабарлаймыз", - деп мәлімдеді жергілікті полициядағылар. 

Сондай-ақ, полициядағылар оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл кезде полицейлер күдіктілердің бірін бөлімшеге алып кетуі тиіс болған. Оқиға таңғы 07.00-де болыпты. Құқыққорғаушылардың айтуынша, екі қыз соққыға жығылдық деп "102"-ге хабар берген. Оқиға орнында полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктінің бір қызды бетінен ұрғанын, екіншісінің шашын жұлғанын анықтаған. Айта кетейік, зардап шеккен қыздар мен ер адам таныс болмаған. Полиция қызметкерлері күдіктіні бөлімге жеткізгелі жатқанда ер адам қарсылық көрсетіп, күш қолданған. Оны бір келіншек қорғаштап, полиция қызметкерін ұрған. 

Куәгерлер түсірген видеода қыздың полицейлерге қарата былапыт сөз айтқанын, кейін жағаласа кеткенін көруге болады. Ашулы келіншек тәртіп сақшысының погонын жұлып алған. Жергілікті полиция қызметіндегілер қызды бұл ісі үшін жазалауға болатынын айтып отыр. 

Қазіргі уақытта кафе маңындағы төбелес және құқық қорғау оргнадарына қарсылық көрсету деректерімен Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" және "Билік өкіліне қарсы күш қолдану" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 26 жастағы күдікті ұсталған. 

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети