"Кептер ауламақ болған". Қызылорда облысында мектеп шатыры опырылып, бір адам қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кептер ауламақ болған". Қызылорда облысында мектеп шатыры опырылып, бір адам қаза тапты

Қызылорда облысында мектеп шатыры опырылып, көгершіндерді ауламақ болған екі ер адам төбеден құлаған. Олардың бірі қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында мектеп шатыры опырылып, көгершіндерді ауламақ болған екі ер адам төбеден құлаған. Олардың бірі қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 28 қаңтарда Қызылорда облысының Сырдария ауданында болған. Бұл туралы тәуелсіз журналист Үйтолған Жареке Facebook-парақшасында жазды.

"Сырдария ауданындағы Әбділда Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің шатыры опырылып, бір адам қайтыс болды. Ғимарат ескі емес. 28 қаңтар күні сағат 23.00 шамасында мектеп электригі қасына танысын ертіп шатырға шығады. Кептер ауламақ ниетте. Алайда үш қабатты ғимарттың төбесі опырылып, біреуі жертөлеге құлап қайтыс болыпты", - деп жазған ол жазбасында.

Сырдария аудандық ПБ қызметкерлері өздерінің ресми жауабында дерек бойынша облыстың ішкі істер департаменті тексеру жүргізіп жатқанын жазды.

"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 204-бабына сәйкес, тергеу барысы жарияланбайды", - делінген жауапта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети