01 ақпан 2023 16:38

"Кептер ауламақ болған". Қызылорда облысындағы мектепте болған ТЖ туралы тың мәлімет шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қызылорда облысында көгершін аулау үшін мектеп төбесіне шыққан екі ер адамның оқиғасына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды. Олардың бірі шатыр опырылып, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысында көгершін аулау үшін мектеп төбесіне шыққан екі ер адамның оқиғасына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды. Олардың бірі шатыр опырылып, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысы Сырдария аудандық білім бөлімінің мәліметінше, марқұм Тереңөзек ауылындағы Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейі электригінің туысы болған.

"2023 жылдың 28 қаңтарында №3 мектеп-лицейінің электригі О. өзінің туысы азамат А.К.-мен бірге осы білім беру мекемесінің шатырына шығып кеткен. А.К. абайсызда Б және К блоктарының арасына құлап, оқиға орнында қаза тапты", - деп жазылған ведомствоның Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған жазбада.

"Мектептің шатыры апатты жағдайда емес. Күрделі жөндеуді қажет етпейді", - делінген хабарламада.

Бүгінде бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

"Лицей мектебінің күзетшісі мен электригі жұмыстан босатылды, жауапты қызметкерлер қатаң жазаға тартылды", - деп толықтырды облыстық білім басқармасы өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети