"Кешірім сұрамады". Ата-ана қызын ұрған балабақша тәрбиешісін сотқа бермекші

28 Ақпан, 11:52
0
"Кешірім сұрамады". Ата-ана қызын ұрған балабақша тәрбиешісін сотқа бермекші - видодан үзінді
видодан үзінді

Ақтөбе облысында ата-ана балабақшада баласының басынан ұрған тәрбиешіні сотқа бермекші, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз үйде болдық, видео осы топтағы аналардың тобына келді, жарымммен бірге көрдік, мен өз қызымды дауысынан бірден таныдым, құқық қорғау органдарының көмегіне жүгіндім. Тәрбиеші кешірім сұраған жоқ, біз соңына дейін барып, онымен соттасамыз", - деді зардап шеккен қыздың әкесі Азамат. 

Қазіргі уақытта "Айгөлек" мектепке дейінгі мекеменің даярлық тобының тәрбиеші - психологына қатысты, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылында ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша ("Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталуып жатыр.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, ауылға балалар мен ата-аналармен алдын алу жұмыстар жүргізу үшін психологтар жіберілген. Ондағылар оқиға туралы әлеуметтік желілерден білгенін жән оқиғаның 2018 жылы қыркүйекте Қарғалы ауданында болғанын мәлімдеді.

Еске салайық, Ақтөбе облысында балабақша тәрбиешісі баланың басынан ұрған видеосы тараған еді. Видеода тәрбиеші тақтаның жанында тұрған қызға айғайлайды. Әйел адам баланы әріп көрсетуге мәжбүрлейді, бірақ қыз жауап беруге қиналады. Тәрбиеші оған айғайлайды. Кейінірек тәрбиеші қажетті әріптерді көрсету үшін тақтаға баланы шақырады. Осы кезде тәрбиеші басқа қызға жақындап, оны құлағынан тартып, тақтаға сүйреп басынан жұдырықпен ұрады. "Қара, Бұл O әрпі емес, У!",- деп айғайлайды әйел балаға.  

Бұл 20 жылдық өтілі бар тәрбиеші. Ол оқиға туралы белгілі болған соң жұмыстан босатылды. Балабақша меңгерушісіне тәртіптік жаза қолданылды. Қазіргі уақытта полиция департаменті осы іспен айналысып жатыр. Арнайы комиссия құрылды, оның құрамына ата-аналар кірді, олар жағдайды бақылайтын болады. Қазір бәрі тыныш", - дейді білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева. 

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының жаңа әкімі Оңдасын Оразалин полиция департаментіне осы мәселені ерекше бақылауға алуды, ал білім басқармасы мен аудандық әкімдіктерге облыстың барлық мектеп және мектепке дейінгі мекемелерінде тиісті алдын алу жұмыстарын жүргізуді, осындай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай