Қодықты қорлаған жігіт Алматы облысында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қодықты қорлаған жігіт Алматы облысында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызу талқыға түскен видеороликтің "кейіпкері" Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Тексеру шаралары барысында полицейлер видеоны түсірген автордың да кім екенін анықтады, ол күдіктінің ауылдасы және оның алматылық ЖОО бірінің студенті екені белгілі болды. Видеоның биыл қараша айының басында түсірілгені де анықталды.
Жануарды қорлап, Интернет қолданушылары арасында резонанс тудырған бұл жағдайға қатысты Алматы облысының полицейлері қылмыстық өндірісті қозғады.
"Қорлаудың құрбаны болған жануар күдіктіге тиесілі. Биыл көктемде туылған қодық тірі және еш жері зақымданбаған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Алматы облыстық полицияның басшысы Мұрат Үрімханов азаматтық позиция мен күдіктілердің кім екенін анықтауға көмектескені үшін Интернет қолданушылары мен масс-медиа өкілдеріне алғыс айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Интернетте жігіттің қодықты қорлап жатқаны түсірілген видеоның пайда болғаны хабарланған еді. Кадрдан ер адамның қодықты көтеріп алып, жерге бірнеше рет лақтырғанын көруге болады. Оператор жігіттің бұл әрекеттерін "қазақша күрес" деп атады. Қысқаша видеоролик Интернетте пайда болып, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Қолданушылар видеоны қызу талқыға салып, жануарды қорлаған жігітке қатысты сыни пікірлерін бөлісті.