31 наурыз 2014 | 17:11

Көкпектідегі көшірілген тұрғындар үйлеріне оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі ©Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Су шайып кеткен Көкпекті ауылының қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындары үйлеріне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Су шайып кеткен Көкпекті ауылының қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындары үйлеріне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері үйлердегі жерқоймалардан суды шығару, аумақты тазарту жұмыстарын жүргізуде. ҚР Төтенше жағдайлар министрі облыс әкімімен бірге аула-ауланы аралап халықпен кездесті, азаматтардың сұрақтарына жауап берді, қаза болған адамдардың туыстарына көңіл айтты. Эвакуацияланған барлық адамдар Көкпекті ауылындағы өз үйлеріне оралды", - делінген таратылған хабарламада.

Оқиға орнында құтқару қызметтері, апаттар медицинасы бөлімшелері мен Азаматтық қорғау полкінен 170-ден астам адам мен 26 техника, 4 қайық, сондай-ақ, ішкі істер басқармасынан 20 адам мен 4 техника, денсаулық сақтау басқармасынан 30 адам мен 10 техника, жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен 3 техника жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, 31 наурызға қараған түні Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында Көкпекті суқоймасының бөгеті шайылып кеткен болатын. Көкпекті елді мекеніндегі 300 үй су астында қалды. Бес адам топан судың құрбаны болды. Дәрігерлер тоғыз адамға көмек көрсетті, оның алтауы суық суға тоңып қалған. Төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апат кезінде қауіпсіз жерге 400 тұрғын көшірілген. Қазір арнайы комиссия келген шығынды есептеп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети