26 мамыр 2023 09:18

Көкшетауда 18 жастағы студент емтиханнан нашар баға алғаны үшін өзіне қол жұмсаған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Көкшетауда педагогикалық колледждің 4-курсында оқитын 18 жастағы студент ағылшын тілінен нашар баға алғаны үшін өз-өзіне қол жұмсады, бейіндік пән бойынша бағалау дипломға түсуі керек болған. Бойжеткен хат қалдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.


Көкшетауда педагогикалық колледждің 4-курсында оқитын 18 жастағы студент ағылшын тілінен нашар баға алғаны үшін өз-өзіне қол жұмсады, бейіндік пән бойынша бағалау дипломға түсуі керек болған. Бойжеткен хат қалдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Аяулым Сансызбайды сіңлісі үй жанындағы қорадан тауып алған. 14 жастағы қыз тіпті арқанды кесіп алып, денені жерге түсірген. Бірақ тым кеш болған.

Өлер алдында студент анасына кешірім сұрап SMS жазған. Ол оқуға тырысқанымен, әділетсіз бағаланғанын айтады. Қазір туыстары қызды осы жағдайға жеткізген деген ойда.

"Қызымды осыған жеткізгені үшін жауап берсін. Бұл сұмдық. Ол не үшін өлді? Аяп қалған қайдағы бір баға үшін бе? Қызымды сонша жек көргендері ме? Барлығы жазалансын, мұны бұлай қалдырмаймыз", - деп жылады анасы Айгүл Ахметжанова.

Колледж кінәні мойындамады. Студентпен ешқашан жанжал болмағаны айтылды. Тіпті бағаны жөндеуге рұқсат берілген көрінеді. Аяулым келіскенімен, ақыры неге екені белгісіз, мүмкіндікті пайдаланбаған.

"Қайта тапсыруға мүмкіндік болды, мен 23 мамырда, келесі күні, сағат екіде келуді сұрадым. Біз үстелге жақындап, тестті берер кезде, ол менен: "Бұл кешегі жазған тест пе?" - деп сұрады. Мен: "Жоқ, бұл мәтіннің басқа нұсқасы", - дедім, өйткені басқаша болатынын ескерттім. Сонда ол: "Онда мұны тапсырмаймын", - деді. Мен: "Жарайды", - дедім. Басқа не айтамын", – дейді оқытушы Динара Жүсіпова.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды іс қозғалды, бұл " Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу". Бұған дейін қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны, қалдырылған хатпен дәлелденген. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық істі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің ресми өкілі Ақмола облысы бойынша ПД Әсем Әбдірахманова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети