Көкшетауда көлік әйелді қағып өлтірді: қайғылы оқиға видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетаудағы ЖКО Бейнеден кадрлар

Көкшетауда тұрғын үйдің тұрағына кіреберісте көлік әйелді қағып өлтірді. Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көкшетауда тұрғын үйдің тұрағына кіреберісте көлік әйелді қағып өлтірді. Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға кеше, 9 мамырда болған.

Бейнебақылау камерасына түскен кадрда тұраққа кіріп келе жатқан көліктің жолда кетіп бара жатқан әйелді қағып, үстінен басып өткені көрінеді.

Көліктен шыққан адамдар абдырап, көліктің астына қарай бастайды. Оқиға орнына куәгерлер жүгіріп келеді, біреулер телефонын алып, қоңырау шала бастайды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ЧП Кокшетау (@chp_kokshetau) парақшасының жарияланымы

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Тергеу аясында оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полициядағылар.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.58   543.08   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер