1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Көлігін тастап кеткен астаналық ер адам үсіп өлді

© smi44.ru © smi44.ru

Астанада жоғалып кеткен ер адамның денесі көлігінен 5 шақырым жерде Ақмола облысында табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

19 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, 1953 жылғы танысы қар күрмеуіне тап болғанын айтқан. Nissan Patrol көлігінің иесі Новокубанка және Белое Озеро ауылдарының арасында қалып қойған. 

"Ер адамды құтқару үшін жедел іздестіру тобы құрылды. Іздестіруге арнайы техника жұмылдырылды. 20 ақпанда ер адамның денесі көлігінен 5 шақырым жерде табылды", - делінген хабарламада. 

Алдын ала болжам бойынша, ер адам көлігінен жақын маңнан ауыл іздестіру үшін шығып кеткен. 

Полиция қызметкерлері қар мен боран кезінде тұрғындардан елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды, ауа райын бақылап, дауылдың болжамдары туралы ескертулерге назар аударып, жолда қиын жағдайға тап болған жағдайда 112 және 102 байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.