Көлік апатына түскен ҚазҰМУ студенті қайтыс болды

06 Шілде, 10:13
0
Көлік апатына түскен ҚазҰМУ студенті қайтыс болды -

Алматыда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ҚазҰМУ студенті қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жігіт көз жұмды деген ақпаратты ауруханадағылар растады.

"Баланың түнде жүрегі тоқтап қалды. Жағдайы өте қиын болған. Қаншама донор болды, біз ол үшін барынша күрестік. Бірақ алған жарақаттары ауыр еді, барлығы сынған", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық № 4 аурухана қызметкері.

ҚазҰМУ "Жалпы медицина" факультетінің екінші курс студенті Асылбек Жұмабаев қосымша ақша табу үшін  курьер болып жұмыс істеп жүрген кезде апатқа ұшыраған. 1 шілдеде оның мопедін жеңіл автокөлік қағып кетті.  

Жігіттің өлімі туралы ақпарат, сондай-ақ, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Университет әкімшілігі "Жалпы медицина" мектебінің 2 курс студенті Жұмабаев Асылбек Анасбайұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасына қайғырып көңіл айтады. ➖➖➖➖➖➖ Непостижимая потеря! Сообщение о смерти нашего студента 2 курса, школы общей медицины, Жумабаева Асылбека Анасбаевича поразило всех нас! Мы скорбим об утрате и искренне соболезнуем родным и близким этого светлого человека. Будем помнить тебя, Асылбек!

Публикация от КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова (@kaznmu)

Асылбек Жұмабаев ауруханаға көптеген жарақаттармен ауыр жағдайда түскен. Жүздеген алматылық оған қан жинай бастады. Қан орталығына тек ол оқыған университет студенттері ғана емес, сонымен қатар, қаланың басқа да жоғары оқу орындарының студенттері келді.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай