22 қараша 2014 11:29

Колледждегі жарылыс бойынша тағы бір адам тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Гавриленко. ©Тengrinews.kz Юрий Гавриленко. ©Тengrinews.kz

Алмалы аудандық соты Алматы сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің бұрынғы мұғалімін тұтқындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап.


Алмалы аудандық соты Алматы сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің бұрынғы мұғалімін тұтқындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап.

Юрий Гавриленко екі ай мерзімге қамауға алынды. Оған қатысты "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

2010 жылы Гавриленко Алматыда РГД-5 әскери гранатасы мен түрлі нысандарды жаруға, бұзуға, жоюға арналған УЗРГМ-2 жарылғыш затын сатып алады да, оларды колледждің алғашқы әскери дайындық пәнінің материалдық құндылықтар бөлмесіне сақтайды. Бұрынғы мұғалімнің бұл заттарды қайдан сатып алғаны нақтыланған жоқ.

Еске сала кетейік, 17 қараша күні 08.40-та Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған еді. Төтенше оқиға салдарынан 16 жастағы студент қыз Светлана Яковлева қайтыс болды. 12 адам ауруханаға түсті, тағы үш адам дәрігерлерге өз еркімен көрінді. Төтенше оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

20 қараша күні жарылыс кезінде колледжде алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген Ғабит Қарабалаевке аталған баптар бойынша айып тағылды. Педагог екі ай мерзімге қамалған болатын. Ол бұл колледжде 2013 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істейді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети