28 қараша 2014 | 12:35

Колледждегі жарылысқа қатысты істің жаңа мәліметтері жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Гавриленко. ©Тengrinews.kz Юрий Гавриленко. ©Тengrinews.kz

Алматы сән және дизайн колледжіндегі граната жарылысына қатысты істің жаңа мәліметтері пайда болды. Бүгін, 28 қараша күні бұрынғы мұғалім Юрий Гавриленконың адвокатының апелляциялық шағымы бойынша отырыс өтті. Сот оны қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы сән және дизайн колледжіндегі граната жарылысына қатысты істің жаңа мәліметтері пайда болды. Бүгін, 28 қараша күні бұрынғы мұғалім Юрий Гавриленконың адвокатының апелляциялық шағымы бойынша отырыс өтті. Сот оны қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокат Бақытжан Есболатова іс материалдарына тұтқындалған Гавриленконың денсаулығы туралы медициналық картасын қосуға өтініш білдірді. Оның айтуынша, ер адам псориазбен ауырады және күнсайынғы күтім мен емге мұқтаж. Соған байланысты адвокат Гавриленконы екі бөлмелі пәтерді кепілге қойып, босатуды сұрады. Оның дәйегіне қарағанда, алғашқы әскери дайындық пәнінің бұрынғы мұғалімінің граната жарылысына қатысы жоқ, жарылыс кезінде ол оқу орнында жұмыс істеген жоқ. Бірақ сот бұл өтінішті қабылдамады. Есболатова бұл қаулыға тағы да шағым келтіретінін айтты. Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіне сай, оқ-дәріні заңсыз сақтауға 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. 

Юрий Гавриленконың қызы Татьяна Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, оқ-дәріні қабылдау-беру туралы актіге колледждің С.Баймолдин деген қызметкері қол қойған. Құжатқа қарағанда, ол қару-жарақтың бәрі, оның ішінде, РГД-5 гранатасы да оқу құралы болған.

"Менің әкем Алматы сән және дизайн колледжінде 2014 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жұмыс істеді. Жаңа директор жұмысқа алғашқы әскери дайындықтың басқа мұғалімдерін алғаннан кейін менің әкем жұмыстан шықты. Ол қабылдау-беру актісіне қол қойды, бірақ онда әскери граната болмаған. Жабдықтарды Баймолдин қабылдап алып, қол қойған. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр ма, біз оны білмейміз. Әкем оқу гранатасымен жұмыс істеді, оны ашып, құрастыра алатын. Гранатаның мұрындығын тартқанда ешқандай төтенше оқиға болмайтын. Оны оқушылардың бәрі растай алады. Қазір әкем қамауда отыр, біз мұны негізсіз деп есептейміз, оның жарылысқа еш қатысы жоқ", - дейді Татьяна Гавриленко. Ол әкесі әскери адам болып тұрғанда Үкімет тарапынан наградалар, ордендер мен алғысхаттарды иеленгенін айтты. Гавриленко Қорғаныс министрлігінен денсаулығына байланысты кеткен. 

Айта кетейік, жарылыс кезінде колледжде алғашқы әскери дайындықтан сабақ берген Ғабит Қарабалаев та қазір қамауда отыр. ІІД мамандары тергеу барысы туралы ешқандай мәлімет берген жоқ. Колледжде әскери гранатаның қалай пайда болғаны белгісіз.

Гавриленконың қызының айтуынша, қазір оқушылар бұрынғы мұғалімі туралы оң мінездеме беруге қорқады. "Студенттер маған айтты, оларға "егер оң мінездеме берсеңіздер, диплом алмайсыздар" деп айтылған", - дейді Татьяна Гавриленко.

Еске сала кетейік, 17 қараша күні сағат 08.40-та Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған болатын. Оқиға салдарынан бір студент қыз қайтыс болып, 12 адам ауруханаға түсті, тағы үш адам дәрігерлерге өз еркімен көрінді. Болған оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

 Граната жарылысы болған кезде алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген мұғалім Ғабит Қарабалаевқа 20 қараша күні аталған баптар бойынша айып тағылды. Педагог екі ай мерзімге тұтқындалды. Ол колледжде 2013 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істейді. 22 қараша күні сот Алматы сән және дизайн колледжінде бұрын алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген Юрий Гавриленконы да тұтқындады. Ол да екі айға қамауға алынды, оның үстінен "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу материалдарына қарағанда, 2010 жылы Гавриленко Алматыда РГД-5 әскери гранатасы мен түрлі нысандарды жаруға, бұзуға, жоюға арналған УЗРГМ-2 жарылғыш затын сатып алады да, оларды колледждің алғашқы әскери дайындық пәнінің материалдық құндылықтар бөлмесіне сақтайды. Бұрынғы мұғалімнің бұл заттарды қайдан және не үшін сатып алғаны нақтыланған жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети