Колледжін балағаттап, Қазнетті шулатқан жастар қамауға алынды

Колледжін балағаттап, Қазнетті шулатқан жастар қамауға алынды

Атырау облысыны? ішкі істер департаментіні? баспас?з ?ызметі кеше кешкі уа?ытта Каспий ??іріні? ?азіргі заман?ы колледжін бала?атта?ан т?лектерді? ?амал?анын хабарлады, - деп жазады ATPress.kz

Атырау облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі кеше кешкі уақытта Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжін балағаттаған түлектердің қамалғанын хабарлады, - деп жазады ATPress.kz

ІІД өкілдерінің айтуынша, видеодағы екі адам сот қаулысымен қамаққа алынған. Бір қыз бір тәулік қамауда болады, ал төртіншісі кәмелетке толмағандықтан қандай жаза алатыны белгісіз қалып отыр екен. Олар "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша қамалған. Алайда олардың қамауда қанша тәулік болатыны айтылмайды.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, осының алдында Атырауда Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжін балағаттаған студенттер кешірім сұрап, өз әрекетін түсіндірген еді. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Атыраудағы колледж түлектерінің видеосы жайлы хабарланған болатын. Видеоның соңында түлектер оқу орнының әкімшілігі мен педагогтеріне қатысты балағат сөздер айтып, олардың бірі тіпті ортаңғы саусағын көрсетеді. Ал кейін оқу орнының әкімшілігіне және педагогтеріне балағат сөздер айтқан Атыраудағы Каспий маңы заманауи колледжінің түлектері көпшіліктен кешірім сұраған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама