29 маусым 2017 17:38

Атырауда колледжді балағаттаған студенттер өз әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжін балағаттаған студенттер өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжін балағаттаған студенттер өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодағы түлектердің бірі Жасұлан Қайыров видео үшін тағы да кешірім сұрап отыр.

"Ең алдымен, қоғамда наразылық туғызған видеотаспамыз үшін Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледж басшылығынан, ұжымынан және барша қазақстандықтардан кешірім сұраймыз. Әрине, бұл үлкен қателік. Жасалған нәрсе жасалды. Жауапкершілікке тартылатынымызды да білеміз. Жауапқа тартыламыз. Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледж ұжымына және басшылығына біздің еш ренішіміз жоқ. Бұл колледж бізді білім нәрімен сусындатқан ең жақсы колледжердің бірі. Шыны керек, бұл видео ақымақтықтан шықты деп айтуға болады. Бұл видео түсірілмеу керек болды. Енді жасалған іс жасалды", -  деді Жасұлан Қайыров.

Оның айтуынша, бұл видео диплом алу рәсімінен кейін қыдыру кезінде колледжге тілек жазамыз деген оймен түсірілмекші болған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Атыраудағы колледж түлектерінің видеосы жайлы хабарланған болатын. Видеоның соңында түлектер оқу орнының әкімшілігі мен педагогтеріне қатысты балағат сөздер айтып, олардың бірі тіпті ортаңғы саусағын көрсетеді. Ал кейін оқу орнының әкімшілігіне және педагогтеріне балағат сөздер айтқан Атыраудағы Каспий маңы заманауи колледжінің түлектері көпшіліктен кешірім сұраған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети