25 сәуір 2014 11:03

"Комитетчик" өз әрекеті үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзіне жол бермегендерді "комитетчикпін" деп қорқытқан Қуат Әбдірахманов. ©Алматы қаласы ІІД Өзіне жол бермегендерді "комитетчикпін" деп қорқытқан Қуат Әбдірахманов. ©Алматы қаласы ІІД

Алматыда қарсы бағытқа шығып алып, өзіне жол бермегендерді балағаттаған "комитетчик" жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда қарсы бағытқа шығып алып, өзіне жол бермегендерді балағаттаған "комитетчик" жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы ішкі істер департаменті ұсынған жедел түсірілімде жол ережесін бұзып алып, өзін "комитетчикпін" деп таныстырған Қуат Әбдірахманов оқиғаның жай-жапсарын баяндайды. Оның айтуынша, оқиға ертеңгілік мезгілде болды, ал бұл жұмысқа асығып бара жатқан. "Тимирязев көшесімен келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеттім. Алдымнан оң рульді қара машина шықты, онда ер адам мен әйел адам отырды. Өз қателігімді мойындап, бейәдеп сөздер айтқаным үшін кешірім сұраймын. Өз сөзіммен ренжітіп алған адамдардың бәрінен кешірім сұраймын", - дейді Әбдірахманов.

Ол өзіне жол бермеген жүргізушіні қорқыту үшін аузына келгенін айта салғанын мойындады. Сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздік қызметінде ешқашан жұмыс істемегенін айтты. 

"Комитетчиктің" жол ережесін өрескел бұзғаны 24 сәуір күні мәлім бола бастады. Ер адамға өзін өткізіп жібермеген жүргізушінің әрекеті ұнамаған. Ол автокөлігінен шығып, өзінің кім екенін айтып сес көрсетеді де, бейнежазбаға түсірушіні балағаттап, жөніне кетеді. Бұл бейнежазба ғаламторға ең алғаш 2013 жылдың мамыр айында орналастырылған.

Кейін "комитетчиктің" шын мәнінде кім екені белгілі болды, оны Алматы полицейлері қолға түсірді. Бірақ оқиғаның ескіру мерзімі өтіп кеткендіктен Әбдірахманов жауапқа тартылмайды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мұндай адамның өз органдарында жұмыс істемейтінін, оның "Кар-Тел" ЖШС компаниясының қызметкері екенін хабарлады. Ал аталған компанияның өкілдері тәртіп бұзған әріптестерімен "қатаң әңгіме" жүргізетінін айтты. Бірақ компания өкілі Алексей Бендзьдің айтуынша, оқиға болған уақытта Әбдірахманов "Кар-Телге" жұмысқа алынбаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети