06 ақпан 2014 20:08

Қонаққа барамыз деп қамалған блогерлер жайы сөз болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блогер Нұрәлі Айтеленов. ©azattyq.org Блогер Нұрәлі Айтеленов. ©azattyq.org

Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Азамат Абдраимов алматылық блогерлердің қамауға алынғаны турасында өз пікірін білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оның айтуынша, қамауға алынған блогерлер кішігірім плакаттар жазып алып, Алматы қаласы әкімінің фотосуреттерін қолдарына ұстап, қарсылық шарасын білдіруге алдын ала дайындалған. Мейрамхана күзетшілері оларға тоқтау салмақ болғанымен, олар құлақ аспаған. "Олар мейрамхана алдында "жағымпаз блогерлер" жөнінде плакат көтеріп, өздерінің наразылықтарын білдірді. "Есімов, шық!" деп айқай салды. Осы кезде полиция келіп, оларды "қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін" тұтқындап кетті" дейді Азамат Абдраимов. Естеріңізде болса, 5-ші ақпан күні Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов блогерлерді мейрамханаға шақырып, олармен түскі ас ішкен болатын. Әкіммен дастархандас болғандар – орыстілді болгерлер. Әкім блогерлермен түстеніп отырғанда мейрамхана есігінің алдына шақырылмаған блогерлер келіп, өздерін "тәуелсіз блогерлерміз" деп атаған олар да қала әкімімен ас ішіп, әңгіме-дүкен құрығысы келіпті. Бірақ оларды мейрамхана күзетшілері ішке кіргізбей қойған. Артынша блогерлер мейрамхана алдында плакат көтеріп, өздерінің наразылықтарын білдірген. Осы кезде полиция отряды жетіп келіп, оларды "қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін" тұтқындап әкеткен болатын. Тұтқындағы блогерлер 10 күнге дейін қамауда отыруы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети