17 тамыз 2017 10:28

Қонақта көзін шығарып, үйінде өлгенше сабаған. Ауылдық жігіттің қызғанышы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданы Теңіз ауылының тұрғыны сот алдына келді. Айыптау мәтініне қарағанда, Рустам Өтепов өз әйелін азаптап, кейін өлтірген, - деп хабарлайды Alau.kz


Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданы Теңіз ауылының тұрғыны сот алдына келді. Айыптау мәтініне қарағанда, Рустам Өтепов өз әйелін азаптап, кейін өлтірген, - деп хабарлайды Alau.kz

Сот тыңдауы Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Прокурордың айтуынша, қылмыс 25 мамырда болған. Өтепов өз сүйіктісімен бірге танысына қонаққа барған. Алкоголь ішімдік ішкеннен кейін сүйіктісіне шабуыл жасаған. 

"Саусағымен көзін шығарып, Ибраеваға дене жарақатын салған", - деді мемлекеттік айыптаушы Рустам Даутов. 


Сотталушы Рустам Утепов. © Alau.kz

Осыдан кейін шабуылдаушы мен жәбірленуші кетіп қалған. Алайда олар ауруханаға емес, өздері тұрып жатқан үйге қайтып кеткен. Үйінде Өтепов сүйіктісін сабаған. 

"Ибраеваға кеуде тұсына және денесіне жұдырықпен соққылар жасаған, кеуде тұсына асхана пышағымен болмашы жарақат салған. Өз әрекетімен оны өлтіретінін білген ол мұнысымен қоймай, өкпеге ауа қатерлі деңгейде ғана өтетін жағдайда қысып ұстап, адамның өмірлік маңызы бар органдарын қысып ұстаған", - делінген айыптау мәтінінде. 

Зардап шеккен қыз оқиға орнында қаза тапқан. 

Өтеповтің әрекеті "Аса қатыгездікпен денсаулыққа көрінеу ауыр зақым келтіру" және "Адам өлтіру" баптары бойынша қарастырылды. Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, өз ісіне өкінді. Өтепов Ибраеваны өте қатты жақсы көргенін және оның кетіп қалатынын білген соң шабуылдағанын айтты. Қазіргі уақытта процесте куәгерлерден жауап алу процесі өтіп жатыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети