Қордай - Алматы тасжолында жол апатынан 4 адам қаза тапты

21 Шілде, 17:55
0
Қордай - Алматы тасжолында жол апатынан 4 адам қаза тапты - © Хабар 24
© Хабар 24

21 шілдеде, жексенбіде таңғы 6:00 шамасында Жамбыл облысы Қордай ауданында Соғанды ауылынан 10 шақырым жерде жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала нұсқа бойынша, "Мерседес Бенц Е200" маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлік тізгінінде ұйықтап кетіп, сол бағытта кетіп бара жатқан "Мерседес Бенц 814" маркалы жүк көлігінің артқы бөлігіне соқтығысқан. Оқиға салдарынан жеңіл көлік салонында болған төрт жолаушы қаза тапты. Жүргізуші Қордай аудандық көптеген жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу шарасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша жүріп жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай